Аймақтың қорғаныс кәсіпорындары әскерге арналған батальондық жылжымалы радиостанциялар, танк, авиация және электр өнеркәсібіне арналған оқшаулағыш материалдар, 1908 ж. үлгідегі теңіз миналары, эскадралық суасты қайық миналары, ірі теңіз кемелеріне арналған және терең суда қолданылатын антенналық миналар, «Гейра» типті авиациялық миналар, баяу жүретін кемелерге арналған қорғаныс құралдары, тереңдік бомбалар, тралдан тазарту шекараларын белгілейтін құралдар, тор жүйесінің агрегаттары, 45 мм-лік танкіге қарсы снарядтардың корпустары, далалық радиостанциялар мен танк бөлімшелерінің зарядтау станцияларына арналған шағын көлемді қозғалтқыштар өндірді.
Кәсіпорындар мен олардың бағыныстылығы:
№233 зауыты – Электрөнеркәсіп халық комиссариаты (дыбысты қабылдағыштар);
№641 зауыты – Электрөнеркәсіп халық комиссариаты (РБ және РБК типті әскери радиостанциялар);
№239 зауыты – Кемежасау өнеркәсібі халық комиссариаты (тереңдік және өртегіш бомбалар);
№347 зауыты – Кемежасау өнеркәсібі халық комиссариаты (ГБ, АГБ типті миналар);
КСРО Қорғаныс халық комиссариатының Артиллериялық Арсенал №4 зауыты:
Артиллерия мен атыс қаруын жөндеумен айналысты.
Мұнда 1931 ж. үлгідегі 76 мм зениттік зеңбіректер, «Максим» пулеметтері, 1891 және 1891/1930 жж. үлгідегі винтовкалар, Дегтярев пулеметтері, «наган» револьверлері өндіріліп, жөнделді.
- Сонымен қатар, мыналар да шығарылды: винтовкаларға арналған тазалағыш құралдар, оқпан жапсырмалары, Андрианов компастары, жеңілдетілген буссолдар, артиллериялық жүйелер мен атыс қаруларына арналған ЗИП (қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар мен керек-жарақтар), арнайы оқ-дәрі қаптамалары; 76 мм зениттік зеңбірек пен «Максим» пулеметіне арналған қаптамалар.